Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуімнің нервісі ойнайды": 14 жыл көлік жүргізгенін айтқан Сәдуақасова талқыға түсті

Опубликовано:

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде көлік басқарудың шебері емес екені туралы жазба қалдырды. Жұлдыздың сөзінше, оның көлігіне мінген адамдар тезірек шығып кетуге асығады екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жолдасымның жүйкесі ойнайды": 14 жыл көлік жүргізген Сәдуақасова сырын ашты
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina: UGC

Мадина Сәдуақасова Instagram желісіндегі парақшасына көлікте отырған суретін жүктеп, темір тұлпарды басқарудың хас шебері емес екенін айтып қалды.

Өнер иесінің сөзінше, оның көлігіне мінген күйеуі жұбайының көлік айдағанына көңілі толмайды екен.

"Бүгін рөлге өзім отырдым. Өзіме, 14 жыл стажы бар күшті жүргізуші сияқтымын, бірақ көлігіме мінгендер шығып кетуге асығып тұрады, жолдасымның жүйкесі ойнайды екен машинаны мен жүргізсем", - деп жазды Сәдуақасова.

Жанкүйерлерінің басым бөлігі әншіні қолдады. Олар Мадина қалдырған жазбаға түрлі пікір жазып, қалдырды.

"Көлік жүргізген өзіңізге жарасады", "Күйеулердің бәрі сондай сияқты ғой", "Ақ жол тілеймін сізге", "Барлығымыздың жолдастарымыз көлік айдасақ қобалжитын сияқты ғой", "Көлікті жылдам жүргізетін сияқтысыз ғой", - деп жарыса жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Мадина Сәдуақасова үйлену тойындағы суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп, елді тәнті еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840878-kjeuimni-nervisi-ojnajdy-14-zyl-klik-zrgizgenin-ajtkan-sduakasova-talkyga-tsti/

pixel