Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәттісіңдер": Төреғалидің қарындасы мен спортшы жігіті елді сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Төреғали Төрәлінің туған қарындасы мен әншінің болашақ күйеу баласы үйлену той қарсаңында көпшілікпен ерекше бейнежазбамен бөліскен. Олар кездесулерінен жасалған видео үзіндіні жариялап, елді сүйіндірді. Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев романтикалық кездесулері қалай өтетінін көпшілік назарына паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/farizatoreali/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/farizatoreali/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Аталмыш видео Фаризаның Instagram желісіндегі жеке парақшасында пайда болған.

Бейнежазбада жарасымды жұптың өміріндегі ерекше әрі махаббатқа толы сәттері көрініс тауыпты.

Желі қолданушылары бірауыздан қос ғашықтың бақытты кезеңдерінің бірін өткеріп жатқанын жарыса жазды.

Олар Фариза мен Дарханның қарым-қатынасына тәнті болып, оларға өз тілектерін жаудырған.

"Бақытты болыңдаршы, сондай тәттісіңдер" , "Ұзағынан болсын, осы сыйластықтарыңды жоғалтпаңдар" , "Жарасымды жұп, бақыт тілеймін" , "Бір-бірі үшін жаралғандай " , "Әдемі жұпсыздар" , - деп жазды оқырмандар.

Айта кету керек, бүгінде қос ғашықтың жанұялары тойдың қамына кірісіп, дайындықты бастап кеткен.

Дархан Нортаев ғашығы Фариза Төреәліге өткен жылдың 22 шілдесінде өз туған күнінде үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Желіде көпшілік енді ғана мектепті бітірген аруды ерте тұрмысқа шығайын деп жатқаны үшін қатты сөккен еді. Алайда, Төреғалидің қарындасы өзін сынға алғандарға жауап берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841683-tttisider-tregalidi-karyndasy-men-sportsy-zigiti-eldi-sjsintti-video/

pixel