Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та танымал рэперді үйінде атып кетті

Опубликовано:

Лос-Анджелесте 20 жастағы америкалық рэпер Pop Smoke-ті атып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

АҚШ-та танымал рэперді үйінде атып кетті
Фото: instagram.com/realpopsmoke: Twitter

Басылым мәліметінше, шамамен сағат таңғы 4:30-да бетперде киіп, қаруланған адамдар музыканттың жалға алып тұрып жатқан Голливудтағы үйіне келген.

Қылмыскерлер әншіге бірнеше рет оқ атқан соң оқиға орнынан қашып кеткен.

Pop Smoke ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмапты.

TMZ басылымының жазуынша, күдіктілер әзірге қолға түспеген. Қылмыскерлердің не себпті мұндай қадамға барғаны да белгісіз.

Өткен жылдың жазында Pop Smoke "Meet the Woo" деп аталатын дебютті альбомын шығарған болатын. Осы пластинкадағы "Welcome to the Party" трегі YouTube желісінде 20 миллионнан астам қаралым жинаған. Өткен жылдың желтоқсанында белгілі рэпер Трэвис Скотпен бірге "Gatti" бейнебаянын түсірген.

Айта кетсек, 13 ақпанда танымал кәріс актрисасы Го Су Юнгтың қайтыс болғаны турлы ақпарат тарады. БАҚ-тың жазуынша, 24 жастағы актриса көптен бері аауыр дертпен күрескен. Алайда оның нақты немен ауырғаны белгісіз.

1995 жылы өмірге келген өнер иесі бірнеше кинолар мен телехиякаларға түскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841841-aks-ta-tanymal-reperdi-jinde-atyp-ketti/

pixel