Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір топ әжемен суретке түскен Жігер Ауыпбаевқа ел сүйсінді (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев кезекті концертінен фото жариялап, көпшілікті қуантты. "Меломен" тобының бұрынғы әншісі ән кешінде бір топ әжелермен түскен суретін салып, желідегілерді тәнті еткен. Олар өнер иесінің асқан қарапайымдылығына сүйсінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жігер Ауыпбаев концертіне келіп, оның ән шашуын тамашалаған әжелермен түскен фотосын Instagram парақшасына жүктеп қойған. Суреттен залдың бірінші қатарында отырған бір топ ақжаулықтылардың әншімен тұрғанын көруге болады.

Шоу-бизнес жұлдызы өз кезегінде әрбір концерті сайын әжелер оны арнайы дайындалып, күтіп алатынын айтты. Оның сөзінше, апалар міндетті түрде оған құрт-май, қымыз, ірімшіктен дәм татқызады.

"Әр концертімде осындай әжелерім, аналарым құрт-майын, ірімшік, шұбат, қымызын дайындап күтіп алады. Диетаға жол жоқ болып жатыр. Тамақты ішіп-ішіп кешкісін концертте терлеп-терлеп шығарып тастап жатырмыз. Сіздің ауыл, аудан, қалаңызда жолыққанша" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Жігер Ауыпбаевтың арбаға танылған жанкүйеріне ән айтқызған видеосы тараған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841899-bir-top-zemen-suretke-tsken-ziger-auypbaevka-el-sjsindi-foto/

pixel