Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген тағы да әлемнің ең сымбатты жігіті атағына үміткер атанды

Опубликовано:

Әнші Димаш Құдайберген The 100 Most Beautiful нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең сымбатты жігіті атағына үміткерлер тізіміне енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген тағы да әлемнің ең сымбатты жігіті атағына үміткер атанды
Фото: instagram.com/100mostbeautifullist, instagram.com/kudaibergenov.dimash: UGC

Отандасымыздың суреті аталған байқаудың Instagram парақшасында пайда болды.

Үміткерлердің арасында түрлі елдердің өкілдерімен қоса бірнеше отандық әншілер де бар екенін айта кетейік.

Мысалы, қазақстандық MadMen Q-Pop -тобынан шыққан Рахат Масақбай, Ninety One тобынан Азамат Ашмақын байқауға Димашпен қатар қатысуда.

Ал ең сұлу нәзік жандылар қатарында қазақстандық әнші Ziruzа бар болып шықты.

Сонымен қатар әлемнің ең сымбатты жігіті атағына үміткерлер қатарында әйгілі футболшы Криштиану Роналду, америкалық актер Дженсен Эклс, "Тақ ойындарының" жұлдызы Ричард Мэдден, ресейлік әнші Алексей Воробьев, сондай-ақ осы байқаудың жеңімпазы актер Идрис Эльба секілді танымал тұлғалар бар.

Эльба 2012 жылы The 100 Most Beautiful нұсқасы бойынша ең сымбатты ер адам атанған еді.

Сондай-ақ, Крис Эванс, Майкл Фассбендер, Энрике Иглесиас және Генри Кавилл секілді жұлдыздар кезінде аталған байқаудың жеңімпазы атанған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаштың ауыр дерттен көз жұмған жанкүйерінің құрметіне ән арнағанын жаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842320-dimas-kdajbergen-tagy-da-lemni-e-symbatty-zigiti-atagyna-mitker-atandy/

pixel