Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз пікірі": Асхат Тарғын өзін әнші ретінде мойындамайтын Керімбековаға жауап берді

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес өкілі Асхат Тарғын өзін әнші ретінде санамайтынын айтқан Ақбота Керімбековаға жауап берді. Ол алдымен өзімен бір сахнаны бөлісіп жүрген әріптесіне мүлдем ренжімейтінін алға тартып, артынша оны да мойындамайтын адамдар бар екенін ескертті деп жазады KAZ.NUR.KZ "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Асхат Тарғын өнердегі әріптесі аталмыш сұхбаттан кейін оған хабарласып, кешірім сұрағанын жеткізді.

Оған қоса, шоу-бизнес жұлдызы Керімбекованың әнші деп есептемейтін өнер өкілдерінің арасына өзін қосуында онымен тілдескен журналистің де кінәсі бар екенін алға тартты.

"Жоқ оған ренжіген жоқпын. Неге ренжимін? Әркімнің өз пікірі бар. Мүмкін Ақбота солай ойлайтын шығар. Ақбота солай ойлайды екен деп, барша халық олай ойламайды ғой. Дұрыс па?

Ақботаны да әнші ретінде санамайтын адамдар бар. Сондықтан оған ренжудің ешқандай қажеті жоқ деп ойлаймын.

Оның үстіне бүгін ғана маған жазды. "Асхат ренжіме сұхбат беріп едім. Бірақ, сіз туралы менің ойым ешқандай жаман емес. Өзіңнің азаматтығың мен адамгершілігіңді жақсы құрметтеймін. Бірақ, мен өз ойымды айттым" деді.
Негізі ол мені айтқан да жоқ. Журналист өзі салып берді аузына. Өзі менің атымды атап, аузына салып берді. Ақбота болса, ол жерде мүлдем мені ойлап отырған да жоқ" , - деп ақтады әріптесін Тарғын.

Айта кетейік, Ақбота Керімбекова өзі әнші ретінде мойындамайтын өнер жұлдыздарының атттарын атады. Олардың қатарына әртіс Абай Бегей, Асхат Тарғын мен Сиви Махмудиді жатқызған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843728-z-pikiri-ashat-targyn-zin-nsi-retinde-mojyndamajtyn-kerimbekovaga-zauap-berdi/

pixel