Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дұрыс қарай алмадым": Бақыт Шадаева алғаш рет өміріндегі өкінішін ашып айтты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Бақыт Шадаева өмірі жайлы сыр шетіп, қай ісі үшін аса қатты өкінетінін жасырмай айтты. Шоу-бизнес жұлдызы өнер саласындағы қызу жұмысы салдарынан қыздарына көп көңіл бөле алмағанына қапалы. Ол үздіксіз концерттік шаралар кесірінен перзенттерінің қасында толыққанды болмағанын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото. Instagram/bakhyt_shadayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото. Instagram/bakhyt_shadayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бақыт Шадаева өнер жолын қуып жүріп, балаларының тәрбиесімен жөнді айналыса алмағанына қатты өкінеді. Эстрада жұлдызы үнемі гастрольдік сапарларда болғандықтан, оларды туысқандарына сеніп тапсырып кететінін жасырмады.

Бүгінгі күні әнші кезінде жіберген қателігін түзеп, қос қызын барынша аналық мейірімге бөлеп жүр.

"Үлкен қызым өсіп келе жатқан кезде көбінесе шығармашылық жағдайлармен гастрольдік сапарларға кетіп қалып жүрдім. Кезінде дұрыс қарай алмағанмын. Оны әжесіне, тәтесіне, әпкеме, сіңліме тастадым. Солай жүрдім. Қазіргі таңда сол махаббатымды толтыруға сәт түсіп тұр, тырысудамын" , - деді өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты жұлдыз қылмақ болып, одан өзге екі ұлына көп көңіл бөле алмағаны үшін өкініп жүргенін айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844578-drys-karaj-almadym-bakyt-sadaeva-algas-ret-mirindegi-kinisin-asyp-ajtty/

pixel