Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Олжас Әлжанов бойдақтық өмірмен қош айтысты (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестегі сымбатты бойдақтардың бірі болып келген Олжас Әлжанов өмірлік серігін тауып, отбасын құрды. Белгілі актер өткен аптада сүйіктісімен некесін қидырған. Ал күні кеше өнер серісінің жүрегін жаулығын бойжеткеннің ұзатуы болып өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/alzhanov.official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/alzhanov.official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Олжас Әлжанов бойдақ өмірмен қоштасқан Тәуекел Мүсілімнің жолын куған көрінеді. Ол шаңырақ көтерген жұлдызы досынан кейін, көп ұзамай өзі де отбасылы болды. Шоу-бизнес жұлдызының таңдауы Аида есімді аруға түскен. Талай қыздың арманы болған серіні өзіне ғашық еткен сылқым жайлы ақпарат әзірге жоқ.

Қуанышты жаңалығымен танымал актер өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

"Бойдақтықпен қоштасып, отбасын құрған күн. Қасиетті жұма күні. Әлхамдулилләх" , - деп жазған ол.

Қос ғашық заңды некесін алтыншы наурыз күні қидырған. Ол күні жас жұбайлардың қасында тек ата-аналары ғана болған. Ал күні кеше қалыңдық ыстық ұясынан ұзатылып, жаңа үйіне келін болып түсті.

Олжас Әлжанов сүйіктісін ұзату соңында мейрамханадан көтеріп алып бара жатқан видеосын жариялаған.

Айта кетейік, бұған дейін Аша Матайдың туған ағасы үйіне келін түсіргенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844806-akter-olzas-lzanov-bojdaktyk-mirmen-kos-ajtysty-foto-video/

pixel