Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген коронавирус салдарынан әлемдік ән сапарын тоқтатты

Опубликовано:

Күллі әлемді ғажайып даусымен таңдай қақтырып жүрген Димаш Құдайберген коронавирус пандемиясы салдарынан өзінің ән сапарын кейінге шегеруге мәжбүр болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қауіпті вирустың көптеген мемлекеттерге тарап кетуіне байланысты қазақстандық әншінің Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттерін басқа уақытқа ауыстыру шешімі қабылданған. Бұл туралы өнер иесінің ән сапарын ұйымдастырушылар мәлім етті.

Олар ән кештері өтетін уақыт жайлы ақпаратты кейінірек хабарлайтын болады. Ұйымдастырушылар Димаштың өнерін аса бағалайтын тыңдармандар онымен концерттік алаңдарда көп ұзамай қауышатынына сенім білдірді.

Әлемдік ән сапардың уақытша тоқтатылғанына қатысты жаңалықтан соң, Димаш Құдайбергеннің өзі де жанкүйерлерімен байланысқа шықты. Ол Instagram желісінде жазба жариялап, көпшілікті денсаулыққа үлкен мән беруге шақырды.

"Құрметті Dears! «Arnau Tour» әлемдік туры аясындағы концерттер кейінге қалдырылғанын өкінішпен хабарлаймын. Коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттерім тоқтатылып, басқа уақытқа жоспарлануда. Қабылдаушы тараптармен келісіліп, концертердің өтетін күні анықталған соң, алдын ала жарияланады.
Мен сіздің маған құрметіңіз бен ықыласыңызды жоғары бағалаймын және сіз де мен сияқты концерттерді асыға күткеніңізді білемін. Бірақ дәл қазіргідей қиын кезеңде біз ең алдымен денсаулығымызды қадағалап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек.Жақын арада біз сіздің денсаулығыңыз жақсы, көңіл-күйлеріңіз керемет болатынына сенімдіміз. Басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт құбыламыз тең болсын" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы кесірінен отандық әншілер де Қазақстан аумағындағы концерттерін кейінге шегеріп тастаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1845542-dimas-kdajbergen-koronavirus-saldarynan-lemdik-n-saparyn-toktatty/

pixel