Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус пандемиясына қарамастан шетел асып кеткен жұлдыздар кімдер (фото)

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес өкілдері еліміздегі коронавирус пандемиясына байланысты орнаған ауыр жағдайға қарамастан шетелдегі сапарларынан бас тартпаған. "Ringo World" продюсерлік орталығының басшысы Алуа Қонарова бүгінде Түркия елінде жүрсе, instagram жұлдызы Айнұр Нұрсейітова Грузия мемлекетінде саяхаттап жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aluakonarova/ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aluakonarova/ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Алуа Қонарованың Instagram парақшасындағы мәліметке сәйкес, ол бауырлас елге маңызды себеппен ғана барған.

Белгілі продюсер анасын туған күнімен құттықтап қайтуды мақсат етіпті

"Анамның туған күнін бірге тойлау үшін ұшып кеттім. Алла қаласа, ертең ол 75 жасқа толады. Қазіргі аса қиын уақытта екеуміздің бірге болғанымыз қандай жақсы деп ойлап қоямын ішімнен" , - деп жазды Қонарова.

Instagram жұлдызы Айнұр Нұрсейітова болса, елімізде төтенше жағдай жарияланған сәтте Грузияда демалып жатыр.

Ол әрбір күнін қалай өткізіп жатқанымен өз оқырмандарымен бөлісуде.

Танымал келіншек Грузияның әсем жерлерінде болып, олардан алған әсерлерін белсенді түрде жеткізіп жүр.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан коронавируске қарамастан, шетел асып жатқан отандастарын аяусыз сынап тастаған болатын.

Ол қауіпті елдер қатарында екінші орында тұрған Италияға саяхаттап барғандарға шүйлікті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1845634-koronavirus-pandemiasyna-karamastan-setel-asyp-ketken-zldyzdar-kimder-foto/

pixel