Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ән кешімен ел еңсесін көтерген Роза Рымбаеваға алғыс айтты

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирус салдарынан орын алған қиын жағдайда онлайн концерт беріп, халыққа жақсы көңіл-күй сыйлаған Роза Рымбаеваға тәнті болды. Халық әртісінің Youtube желісіндегі ән кешін тамашалаған мемлекет басшысы оған өз алғысын білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда/Instagram/rozarymbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Ақорда/Instagram/rozarymbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Тоқаев эстрада жұлдызына деген алғысын Twitter парақшасы арқылы жеткізген. Президент арнайы жазба жариялап, шығармашылығымен қолдау көрсеткен Роза Рымбаева мен барша мәдениет өкілдеріне рахмет айтты.

"Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын" , - деп жазды мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық әншілердің жаппай онлайн концерт беруге көшіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. "Карантиндегі жұлдыз" жобасына әзірге Жұбаныш Жексенұлы мен Роза Рымбаева ғана қатысты. Алдағы уақытта онлайн ән кешін өткізетін өнер иелерінің тізімі жаңара бермек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1847457-tokaev-n-kesimen-el-esesin-ktergen-roza-rymbaevaga-algys-ajtty/

pixel