Марат Омаров: Шулы бағдарламадан кейін анамнан айырылып қала жаздадым
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Марат Омаров ұлының некесіз туған қызына қатысты дау өз анасына аса қатты әсер еткенін ашып айтты. Эстрада жұлдызы қызу талқыға қалған шулы жаңалық салдарынан анасының қан қысымы көтеріліп кеткенін жеткізді. Өнер иесі орын алған жағдай отбасына ауыр тигенін мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Nege Media" бағдарламасына сілтеме жасап.
Марат Омаров некесіз туған немересіне қатысты дау отбасы мүшелеріне қалай әсер еткені жайлы бар шындықты айтты. Әнші шулы оқиғадан кейін анасынан айырылып қала жаздағаны туралы жан сырын ақтарды.
Оның айтуынша, анасының қан қысымы көтеріліп, үйіне жедел шақыртқан.
"Бір нәрсені ғана кешірмеймін. Анамнан айырылып қала жаздадым. Бұл оқиға 95 жастағы анама бәрініен де ауыр тиді. Оның қан қысымы екі жүзден асып кетіп, жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Оған ауыр тиді. Шындыққа жетпей жатып, анам алай-дүлей болы кетсе, кім жауап беретін еді? Осыны ешкім ойлаған да жоқ. Бізді бірінші бағдарламаға келген жоқ деді. Бізді ешкім шақырған да жоқ" , - деп өз шындығымен бөлісті өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Марат Омаров некесіз немересін сегізінші наурыз меркесімен құттықтағанын жазған болатынбыз. Ол кішкентй Көзайымға ақша жіберген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1848319-marat-omarov-suly-bagdarlamadan-kejin-anamnan-ajyrylyp-kala-zazdadym/