Айқын Төлепберген отбасымен таңғы сегізге дейін ұйықтай алмай жүргенін айтты (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген коронавирус салдарынан жарияланған карантин уақытынсында отбасымен ұйықтай алман жүргенін айтып, жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Өнер иесі күні бойы үйде болғандықтан, жанұясының режимі ауысып кеткенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айқын Төлепберген Instagram желісінде жазба жариялап, отбасының ұйқысы ауысып кеткенін айтып берді. Жұлдызды жанұя бала-шағасымен бірге күнде таңғы сегізге дейін ұйықтай алмай жүргенін алға тартты.

"Таңғы сегіз болды. Әлі ұйқтаған жоқпыз. Режим ауысты. Қазір жатсақ кешкі бесте тұрамыз. Күнде солай. Карантин басталғалы күн мен түн ауысып кетті. Балалар далаға шыққысы келеді. Бізде де сол. Күнделікті жасайтын тірлігіміз бір қалыпты. Сериал, фильмдер, жаттығу мен ноутбук. Менің күнім осылай өтеді. Жұлдызға одан бетер қиын. Ол үй жинайды, тамақ жасайды, балаларды жуындырады, ыдыс жуыады, тігін тігеді және тағы басқа да тірліктермен айналысады. Қыздарға бізге қарағанда қиын екені рас. Төзімді болыңыздар" , - деп жазды өнер иесі.

Оған қоса, эстрада жұлдызы жанкүйерлерін жағымды жакалықпен де қуантып үлгерді. Айқын үшінші сәуір күні онлайн концерт бергелі жатқанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін отандық жұлдыздардың карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1848336-ajkyn-tlepbergen-otbasymen-tagy-segizge-dejin-jyktaj-almaj-zrgenin-ajtty-foto/