Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтан мен Ақтөбедегі мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: Instagram

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Димаш Құдайберген елімізде орын алған коронавирус пандемиясына орай отандастарына көмек көрсетті. Ерекше дауысты әнші Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе қалаларындағы мұқтаж отбасыларға бес тонна азық-түлік жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры Елубай Кенжалиев айтты. Ол Димаш Құдайбергеннің игі ісімен туралы өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

"Біздің Димашымыз да сауапты іс жасап, елордалық және ақтөбелік жүз отбасыға бес тонна азық-түлік жіберіпті. Алла разы болсын" , - деп жазған Кенжалиев.

city04.kz сайтының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы отбасыларға азық-түлік күні кеше толығымен жеткізілген.

Қазіргі таңда ақтөбелік отбасыларға таратылатын азық-түлік дайын және де ертеңнен бастап ақтөбеліктерге таратылатын болады.

Белгілі болғандай, азық-түлікті тарату үшін "Жас Отан" Жастар қанатының еріктілері атсалысуда. 

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы салдарынан Димаш Құдайбергенннің әлемдік гастрольдік сапары тоқтап, бірқатар концерттері кейінге қалдырылды. Әнші әлеуметтік желісінде видео жазып, казақстандықтарды коронавирус пандемиясы кезінде үйлерінде қалуға шақырған болатын. Сонымен қатар, ол бұл бейнежазбаны үйінде отырып жазып отырғанын атап өтті.

Оған қоса, Димаш Құдайберген коронавирус инфекциясын жұқтырған Лев Лещенкомен бір мерекелік шарада болғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1849262-dimas-kdajbergen-nr-sltan-men-aktbedegi-mktaz-otbasylarga-kmek-krsetti/