Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әбден ұрысты": Әнші Бүркіт Аишаға үй-іші қарсы болғанын жайып салды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Бүркіт сүйіктісімен қалай қосылғанын айтып берді. Ата-анасы бастапқыда ұлдарының Аишаға үйленуіне түбегейлі қарсы болған көрінеді. Отбасы мүшелерінен ұрыс естіген әнші райынан қайтпай, ақыры ғашығын жар етіп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/berkut_kazakhstan
Фото: Instagram/berkut_kazakhstan: Instagram

Бүркіт Аишамен отбасын құрмақ болғанда үй-іші оған қарсылық білдіргенін жеткізді.

"Әрине, әкем қарсы болды. Басында әбден ұрысты. "Неге олай жасайсың, неге келіспейсің" деген сөздер естідім. Мен болсам "Әке, жасым 34-ке келді. Мен қазір сіздермен келісіп отыратын болсам, мен шал боламын. Сондықтан мен сүйген адамыма үйленемін" дедім.
Осылай нақты шешімімді айтып, мінезімді көрсеттім. Сосын анам қолдау білдірді. "Қызыңды көрсет" деді. Содан кейін бір көргеннен анама ұнап, келісті ғой" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін шоу-бизнес жұлдызы Кентал аралас некеге қатысты өз ойын айтқан болатын.

Ол қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына түбегейлі қарсы екенін жеткізді. Алайда, өнер иесінің өзі жақын арада күрд қызын жар қылмақ ниетте.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1850073-bden-rysty-nsi-brkit-aisaga-j-isi-karsy-bolganyn-zajyp-saldy-video/

pixel