Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тележүргізуші Айгүл Мүкей көптен жасырған жолдасын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей жолдасымен түскен суретін жариялап, көпшілікті таңғалдырды. Әдетте тек балаларының фотосымен бөлісетін БАҚ өкілі бұл жолы күйеуін көрсетуді ұйғарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aigulmukei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aigulmukei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айгүл Мүкей жұртшылықтан жасырып келген сүйіктісін дәл 15 сәуір күні, ғашықтар мейрамында көрсетуді жөн көрген. Тележүргізуші Instagram парақшасына жолдасымен түскен фотосын жүктеп қойды.

Суреттен ерлі-зайыптылардың лифт ішінде тұрғанын байқауға болады. Оған қоса, отағасының қолында үлкен гүл шоғы бар. Ол келіншегін "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" мерекесімен құттықтаған көрінеді. Алайда, белгілі журналист күйеуінің бетіне жүрекшелер қойып, оның түрін жауып қойған.

"15 сәуір - Махаббат күні. Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? - Сені іздеумен мәңгілік өтер едім - Отқа түсіп өртенсем не етер едің? - Күл боп бірге соңыңнан кетер едім - Бұлдырасам сағымдай не етер едің? - Жел боп қуып ақыры жетер едім - Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? - Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін! Махаббаттарыңыз мәңгі баянды болсын" , - деп өлең жолдарын жазып қойған Айгүл Мүкей.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Мүкей 19 жыл бұрын қандай болғанын көрсеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1850857-telezrgizusi-ajgl-mkej-kpten-zasyrgan-zoldasyn-krsetti-foto/