Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлтанқызы жұбайына: Сендегі тәрбие мен қасиет ұлдарымызға дарығаны үшін рақмет

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ғашықтар күнінде жолдасының алдында ағынан жарылды. БАҚ өкілі күйеуін "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" мерекесімен ерекше құттықтап, оған алғысын жаудырды. Ол екі ұлдың анасы атанғаны үшін отағасына әлі күнге дейін рақметін айтып келе жатқанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жеке өмірін желіде көп жарияламайтын тележүргізуші ғашықтар күнінде сүйіктісіне ел алдында өз алғысын білдіруді ұйғарған. Ол Instagram парақшасында жолдасына жантебірентерлік жазба арнаған.

"Отбасының ұйытқысы, ер-азаматының ар-намысы, перзентінің ардақтысы болу - әйел бақыты.

Бақыт айналаңызда, оны алыстан іздемеңіз, тек бақытты болуға тырысыңыз.

Суреттер мұрағаттан алынды. Сөздер 2015 жылы берген сұхбатымнан үзінді. Пікірім әлі өзгере қойған жоқ.

Осы екеуінің анасы атанғанымда саған рақмет айтқам. Тәрбиесі үшін, сендегі қасиет осыларға дарығаны үшін әлі де айтып келем. Бір қыз туып алсам енді (деп жүргеніме 10 жыл болды). Ғашықтар күнімен" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы күйеуіне оның туған күнінде жазба арнаған болатын. Ол желіде жолдасына деген сезімін білдіріп, оны ерекше құттықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1851054-sltankyzy-zbajyna-sendegi-trbie-men-kasiet-ldarymyzga-darygany-sin-rakmet/

pixel