Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шықсаң, сотталасың": Отандық танымал актрисаны қатаң карантинге жауып тастады (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық актриса Дина Тасболатова өзі тұратын үй подъездін екі аптаға карантинге жауып тастағанын мәлім етті. Кино саласының жұлдызы үй тұрғындарына қойылған қатаң шектеу шаралары туралы айтып берді. Белгілі болғандай, олар тіпті жақын маңдағы дүкендерге шыға алмай отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Тасбoлатова. Фото: instagram.com/dina_tasbulatova
Дина Тасбoлатова. Фото: instagram.com/dina_tasbulatova: Instagram

Дина Тасболатова коронавирус пандемиясына байланысты қатаң үй карантиніне қамалды. Актрисаның сөзінше, оның подъезді толығымен екі аптаға жабылып, тұрғындарға далаға шығуғы тыйым салынды.

Оларға жақын жерде орналасқан азық-түлік дүкендеріне де баруға болмайды.

"Дәл мен тұратын үй қатаң карантинге тап болды. Подъезден мүлдем шығармайды. Менің кейбір таныстарым бірінші күннен бастап-ақ, әлі де карантин режимін сақтап жүрген жоқ. Бұл жағдай мені әбден қажытты. Далаға шықсаң сотталатыныңды біле тұра үйде отыра беру психологиялық тұрғыдан ауыр", - деп жанайқайын жеткізді ол Instagram парақшасында.

Алайда, отандық жұлдыз карантин уақытын барынша қызықты өткізуге тырысып жатқан көрінеді. Ол бұған дейін сомдап көрмеген образдарын желіде паш етуде. Актриса сотталған адамның кейпіне еніп, күлкілі видеолар түсіріп жүр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1852231-syksa-sottalasy-otandyk-tanymal-aktrisany-kata-karantinge-zauyp-tastady-foto/

pixel