Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист астауға ақша салып, ұтыс ойнатқан жұлдыздарға шүйлікті

Опубликовано:

Отандық журналист Алуа Барманқұлова желіде барынша көпшілікті қызықтыруға тырысып, ұтыс өткізетін жұлдыздарды сынап тастады. БАҚ өкілі олардың көнеден келе жатқан қазақтың ұлттық ыдысы - астауға қыруар ақшаны жайып тастап, фото-видео түсіретініне шүйліккен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Скриншот: Facebook/Алуа Барманкулова. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Скриншот: Facebook/Алуа Барманкулова. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Алуа Барманқұлова өздері ас ішетін ыдысқа лас ақшаны салып, елді ұтысқа қатысуға шақыратын өнер иелеріне деген наразылығын Facebook парақшасында білдірген.

Ол көпке үлгі болып жүрген жұлдыздардың бұл әрекетін ерсі санайтынын ашып айтты. Белгілі журналист бұл келеңсіз жайттан кейін, тіпті, енді ет тағамын жегісі келмей қалған.

"Әлеуметтік желілерде бешбармаққа арналған қазақтың ұлттық ыдысында тізіліп тұрған ақшаның видеолары қаптап кетті. Танымал арулар жазылғаны үшін миллион ұсынып жатыр.

Мен тіпті, сондай 18 сылқымды тауып алдым. Астауда жатқан ақшаны бағалай алмаймын. Бірақ, мен үшін бұл көріністің өзі тым ерсі болып тұр.

Мен бұл адамдарға өздері ас ішетін ыдысқа ақшаны жайып қою туралы ой қалай келгенін де біліп тұрмын. Жақын маңдағы банкоматқа барып, ірі ақша батырмасын басқан болуы керек. Кейбіріне сүйіктісі қажет қаржыны өз әмиянынан алып берген.

Олардың әрбір ақшаны тізіп қойып жатқанын елестетіп тұрмын. Онымен видеоға түсу үшін арнайы киім мен макияж да таңдаған. Және ақтық фото.

Осыдан кейін олар бар ақшаны жинап алып, астауды жуып тазартып қояды. Сосын сол ыдыстан түк болмағандай бешбармақ жей береді.

Суреттерді желіде ашық дереккөздерден алдым. Ренжімессіздер. Әлем кішкентай екенін білемін. Мен екіжүзді адам емеспін, бірақ фантазиям деген керемет. Сол себепті, мен енді бешбармақ жегім келмей қалды" , - деп жазды ол.
Скриншот: Facebook/Алуа Барманкулова. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Скриншот: Facebook/Алуа Барманкулова. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Скриншот: Facebook/Алуа Барманкулова. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Скриншот: Facebook/Алуа Барманкулова. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1853749-belgili-zurnalist-astauga-aksa-salyp-tys-ojnatkan-zldyzdardy-synga-aldy/

pixel