RU

"Жұлдыз ауруына ұшырамаңдар": "Меломен" тобы Қоразбаевқа несімен жақпай қалды

Отандық танымал әнші әрі композитор Алтынбек Қоразбаев заманауи шоу-бизнес өкілдерін қатты сынға алды. Ол "Меломен" секілді өнердегі кіші інілерінің барлығын жұлдыз ауруынан аулақ болуға шақырып, өзінің ағалық кеңесін берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/Instagram/melomen_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram/melomen_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Онлайн концерт аясында "Меломен" тобымен қоса ән шырқаған Қоразбаев оларға қатаң ескерту жасаған.

Белгілі композитор жас әншілерге меңмендікке салынбай, барынша қарапайым болуға тырысу керектігін жеткізді.

"Үлкен концерт залдарында сахнаға шыққанда айтар ең бір түйін сөзім бар. Айналайын бауырларым, жұлдыз болыңдар. Жұлдызды шақтарың көп болсын, бірақ жұлдыз деген жаман ауруға ұшырамаңдар деп айтамын. Сол сияқты мен сендерге де айтамын, ешқашан жұлдыз ауруына тап болмаңдар" , - деді Алтынбек Қоразбаев.

Айта кетейік, бұған дейін карантин кесірінен отандық әншілер жаппай онлайн концерт беруге кірісіп кеткенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, өнер иелері карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын көрсетті. Олардың бірі бар бос уақытын бала-шағасына арнаса, енді бірі карантинді тиімді әрі пайдалы етіп өткізудің тәсілдерімен бөлісті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1854605-zldyz-auruyna-syramadar-melomen-toby-korazbaevka-nesimen-zakpaj-kaldy/