Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арым таза деп жүрген едім": Төреғалидің қарындасы неке қидырғанын ресми мәлімдеді

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі жақында қарындасы неке қидырғанын қалың жұртқа жария еткен болатын. Енді Фариза Төреәлінің өзі бұл ақпаратты ресми түрде растап, көпшілікке жолдасы екеуінің неке куәлігін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/farizatoreali/nortayevjj. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/farizatoreali/nortayevjj. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Фариза Төреәлі шариғат бойынша некесін қидырғанын Instagram парақшасында растады. Төреғалидің қарындасы күйеуі Дархан Нортаевпен бірге неке куәлігін ұстап түскен суретін жариялаған.

Қос ғашықтың карантин уақытында некелесуінің өзіндік себебі де бар болып шықты.

"Аллаға шүкір. Алла алдында ақ некеміз қиылған еді. Әкем мен ағам халық алдында жүріп, халық адамы болған соң, олардың атына жаман сөз ергенін қаламадық. Олардың есімдерін айтып, әкем мен анам берген тәрбием жайлы сөз еткен адамдардың әр айтқаны жүрегіме батушы еді. Ең бастысы, Алла алдында арым таза ғой деп жүрген едім. Сіздердің алдарыңызда жүрген соң, сан сұраққа жауап берейік деп үйдегілер шешіп, ағам ақ некеміздің қиылғанын жария еткен еді" , -деп жазды ол.

Фаризамен қатар, неке қидырғанын жұлдызды әулеттің күйеубаласы әрі танымал спортшы Дархан Нортаев та ресми түрде мәлімдеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1856476-arym-taza-dep-zrgen-edim-tregalidi-karyndasy-neke-kidyrganyn-resmi-mlimdedi/

pixel