Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дұғадамыз": Әнші Серікбол Сайлаубекке ертең ота жасалынбақ (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек бүгінде ауруханада жатыр. Ертең өнер иесінің көзіне төртінші ота жасалынбақ. Бұл туралы белгілі журналист Анна Данченко хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/serikbol_sailaubek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/serikbol_sailaubek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Танымал тележүргізуші Серікбол Сайлаубек жатқан ауруханаға арнайы барып, оған ота алдында қолдау білдіріп қайтқан. Оған қоса, Анна Данченко желіде көпшілікті де әнші үшін дұғада болуға шақырды.

"Ораза АЙТ қабыл болсын! Ертең, бұйырса, Серікбол мырзаның көзіне төртінші ота жасалады екен. Дұғада болайық! Бәрі аман-есен өтсін дейміз" , - деп жазды журналист Instagram парақшасында.

Серікбол Сайлаубек қалын сұрап келген жақындарына алғысын білдіріп, өзі үшін алаңдап жатқан көпшілікпен жағдайымен бөлісті.

"Бүгін көңіл күйімді көтеріп, біраз шер тарқатып, рухымды көтеріп кеткен жақындарым. Ораза айттарыңыз қабыл болып, дұға тілектеріңіз қабыл болсын! Ауырмаңыздар! Уайымдамаңыздар, бәрі жақсы болады" , - деп жазды ол.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызына қолдау білдіріп, тез сауығып кетуін тілеген.

Айта кетейік, бұған дейін Серікбол Сайлаубек әншілерді шегірткеге теңеген кәсіпкер Ахметбек Нұрсилаға жауап берген болатын. Ол бата беретін жасқа келген кісінің бұл қылығына шүйліккен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857206-dgadamyz-nsi-serikbol-sajlaubekke-erte-ota-zasalynbak-foto/

pixel