RU

Әлия Құдайбергенова: Он жылға жуық уақытта бір рет қана кешігіп келді

Белгілі журналист Бейсен Құранбекпен он жыл бойы бірге жұмыс істеген телепродюсер Әлия Құдайбергенова оның бойындағы ерекше қасиеті туралы айтты. Ол телевизия саласындағы ағасынан асқан жауапкершілігі мол адамды кездестірмегенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aliya.kudaibergenova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aliya.kudaibergenova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әлия Құдайбергенова Instagram парақшасында Бейсен Құранбек туралы жазбасымен бөлісіп, "Қарекет" бағдарламасының түсірілімі кезіндегі суретті жариялады.

Телепродюсер марқұм журналистің әр минутын бос өткізбегенін айтты.

“Туысқандар, уақытында бастаңдар, хабарды! Жиналысқа уақтылы келіңдер. Адамның уақытын ұрлау - қылмыс” дейтін. Он жылға жуық уақытта бір рет қана хабар жүргізуге кешігіп кіргені есімде. Оның да белгілі себебі болды. Өзгесін айтпағанда, жауапкершілік дегеннің не екенін, қандай болатынын осы кісіден көргенмін! Әр сағатын бос өткермеді. Әр минутын тіпті! Осындай да адам болады екен-ау" , - деп жазды Әлия Құдайбергенова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлия Құдайбергенова Бейсен Құранбек туралы естелігімен бөліскен болатын. Ол белгілі журналистің мезгілсіз қазасын аса ауыр қабылдағанын жасырмады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857672-lia-kdajbergenova-on-zylga-zuyk-uakytta-bir-ret-kana-kesigip-keldi/