RU

Әнел Арынова карантиннен кейін сұлулық салонына асыққан аруларға шүйлікті

"КешYOU" тобында өнер көрсеткен әнші Әнел Арынова төтенше жағдай аяқталған бойда бірден сұлулық салондарына асыққан әріптестерін сынға алды. Шоу-бизнес жұлдызы олардың қылығын нағыз ақымақтыққа теңеді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/anelarinovaofficial. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Фото: Instagram/anelarinovaofficial. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Instagram

Әнел Арынова өз кезегінде ТЖ режимі аяқталған соң, ең бірінші ата-анасының үйіне барғанын айтты.

Өнер иесі салонға бару үшін төтенше жағдайдың алынғанын асыға күткен аруларды мүлдем түсінбейтінін жеткізді.

"Жоқ, бұл мен үшін барып тұрған ақымақтық. Меніңше, әрбір әйел өзі боянып, қол-аяқ, тырнағының күтімін өзі жасай алу керек. Қыз бала оның бәрін кішкентайынан білу керек. Әр ана гигиена сақтауды өз қызына үйретуі тиіс. Карантин жақындарымыздың қадірін біліп, бағалауды үйретті. Сол себепті мен бірінші ата-анамның үйіне бардым. Шыны керек, бұл сәтті ұзақ күттім. Карантин басталмайынша, оларға жиі барып тұрушы едім" , - деді әнші.

Еске сала кетейік, атышулы "КешYOU" тобының директоры Назым Басқынбаева "Мәдениет саласының үздігі" атанды. Қуанышты жаңалықпен Баян Алагөзовамен бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан продюсердің өзі хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857716-nel-arynova-karantinnen-kejin-slulyk-salonyna-asykkan-arularga-sjlikti/