Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі вайнер өзіне екінші ұл сыйлаған әйеліне 1001 раушан гүлін тарту етті (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал вайнер Ерболат Жанәбілов екінші ұлын дүниеге әкелген келіншегін перзентханадан ерекше тосын сый ұйымдастырып шығарып алды. Бақыттан басы айналған жас әке әйеліне 1001 раушан гүлін тарту етіп, оған естен кетпес әсер сыйлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhanabylov_e/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhanabylov_e/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Ерболат Жанәбілов отбасының аса әсерлі сәтімен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Екі ұлдың әкесі атанған вайнер сүйіктісіне осыдан төрт жыл бұрын берген уәдесін орындап, оған 1001 раушан гүлін сыйлады.

"2016 жылы Энонды туған кезде саған 1001 раушан гүлін тарту етуге уәде берген едім. Ол кезде сөзімде тұра алмадым. Біздің отбасымыз үшін рахмет. Осымен сендерді үйге алып кеттім. 25 жаста екі баланың әкесі боламын деп ойламаппын. Бақыт деген осы шығар" , - деп жазды ол.

Желі жұлдызы гүлдердің барлығын өз құшағына сыйдыра алмағандықтан, оларды жақындарына ұстатып қойған. Ерлі-зайыптылардың достары перзентхана алдында бір-бір гүл шоғымен тізіліп, анасы мен баласының шығуын күтті.

Жанәбіловтың жары жолдасының мұндай тосын сыйына қатты қуанып, алған әсерін сөзбен жеткізе алмаған. Жас ата-ана мен олардың жақындары бұл естен кетпес сәтті видеоға түсіріп алған.

Желі қолданушылары вайнердің келіншегіне деген ыстық ықыласына аса тәнті болып, оларды тағы ба ұлды болуымен құттықтады. Оқырмандар өз ақ тілегін жаудырып, енді жас жұбайларға қыз баласын нәсіп етсін деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857964-belgili-vajner-zine-ekinsi-l-syjlagan-jeline-1001-rausan-glin-syjlady-foto-video/

pixel