RU

«31 арна» тележүргізушінің жұмыстан босатылуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды

Қазақстандағы жетекші телеарналардың бірінің басшылығы атақты жүргізуші Ерқанат Көпжасардың кетуі туралы қауесеттерге қатысты түсінік берді.

«31 арна» тележүргізушінің жұмыстан босатылуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды

«31 арна» басшылығының сөзінен белгілі болғандай, соңғы бес жыл ішінде «Informburo» ақпараттық-аналитикалық бағдарламасын қазақ тіліндегі жүргізетін Ерқанат Көпжасар жұмыстан кеткен жоқ, бұрынғыдай елдегі және әлемдегі қазіргі жағдайды көрсетіп, кешкі жаңалықтармен белсенді бөлісуде.

Сонымен қатар, Ерқанат Көпжасар жақында 31 арнада шығатын «Неге?» әлуметтік-саяси бағдарламаның жүргізушісі болады.

Танымал тележүргізуші Тахир Сұлтан (@tahirsultan_official) өзінің әріптесін дәл осы бағдарламаның түсірілімі кезінде тауып, инстаграм парақшасында видеомен бөлісіп, біраз қауесетке себеп болған еді.

«Неге?» - 31 арнаның әлеуметтік-саяси ток-шоу форматыңда өтетін жаңа жобасы. Бағдарламада елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелері талқыланады. Шоудың қатысушылары - республиканың танымал азаматтары, өз саласының мамандары және қарапайым қазақстандықтар болады. Бағдарлама мақсаты - билік пен халық арасында диалог орнату. Телеарна басшылығының айтуы бойынша, Ерқанат Көпжасардың «Неге?» жобасы жуырда эфирге шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1858513-31-arna-telezrgizusini-zmystan-bosatyluy-turaly-kauesetterdi-zokka-sygardy/