"Мұсылмандығымыз қайда": Түсіпбаева көк туды ұстап шыққан жалаңаш аруға шүйлікті
Опубликовано:
Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде көк туды подиумға ұстап шыққан жартылай жалаңаш аруды сөгіп тастады. Өнер иесі іш киіммен жүріп өткен бойжеткен бұл әрекетімен мемлекеттік рәмізді қорлады деп есептейді. Аталмыш фотоны көріп, ашуға бой алдырған эстрада жұлдызы сылқымның қылығын ғана емес, оның дене бітімін де сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева ел алдына бар мүсінін паш етіп, көк туды ұстап өткен қызға қатысты ойын Instagram парақшасында ашық жеткізген.
Әнші мемлекеттік рәмізге осылай сыйластық танытпағандарды жауапқа тартуға шақырды.
"Осындайларды жауапқа тарту керек. Қазақстан заңы, мемлекеттік рәміз. Егер көк туымыздың жаны, қол-аяғы болса, сенің қолыңа түспес еді, жақындатпас еді жанына.
Әттең-ай, сәнқойлар. Көрсеткілерің келсе, жөні түзуін таппайсыңдар ма?! Құдай-ай, не деген фигура? Карантиннен кейінгі менің фигурамнан аумайды екен. Мұсылмандығымыз қайда қалды?! Ең қинайтыны, көк туымыз-ай қор болған", - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева анасының 75 жасын дүркіреп атап өтті. Өнер иесі қалың көпшілікке мерекелік шараны карантин талаптарына сай өткізгенін хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1859480-msylmandygymyz-kajda-tsipbaeva-kk-tudy-stap-sykkan-zalaas-aruga-sjlikti/