"Сөзінде салмақ жоқ": Аша Матайдың жеңгесі блогерді әйелінің көзінше сынап тастады
Опубликовано:
Отандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым бағдарламаға арнайы қонақ ретінде шақыртылған белгілі блогер Ерболат Жанәбіловтың намысына тиді. Аша Матайдың жеңгесі оны әйелінің көзінше қатты сынап тастады. Ол болашақ жарының мұндай болғанын қаламайтынын ашық айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым танымал блогердің сыртқы келбетінен бөлек, оның көпшілік ортада өзін-өзі ұстауы көңілінен шықпаған. Өнер иесі Ерболат Жанәбіловке нағыз ер азаматқа сай қасиеттер жетіспейтінін бетіне айтқан. Бұл сөздердің барлығын желі жұлдызының әйелі де естіді.
"Жарыңыз ретінде көретін бе едіңіз?" деп жатыр ғой. Сол сұраққа жауап бергім келіп тұр. Мен жарымның мұндай болғанын қаламайтын едім. Біріншіден, оның сырт көрінісінен тыс, әрбір сөзінде салмақ жоқ, білім жетіспей тұрған сияқты. Мәдениет жетіспейді" , - деді Аша Матайдың жеңгесі.
Оның Ерболат Жанәбіловты сынап жатқан видеосынан үзінді Instagram парақшасындағы qaz.stars парақшасында жарияланған.
Еске сала кетейік, бірнеше жыл бойы Баян Алагөзованың қол астында жұмыс істеген Жарқынай оның отбасына келін болып түсті. Әнші ару белгілі продюсердің жиеніне тұрмысқа шыққан. Сырға салу мен беташар өткізіп үлгергенімен, жас жұбайлардың басты қуанышы өтпей қалды.
Олар карантин салдарынан үйлену тойын кейінге шегеруге мәжбүр болған. Ал күні кеше желіде Жарқынай Ханайымның "жүкті" фотосы тарап кетіп, желіде қызу талқыға түскен. Ерлі-зайыптылар жақында алғаш рет ата-ата атануы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860553-szinde-salmak-zok-asa-matajdy-zegesi-blogerdi-jelini-kzinse-synap-tastady/