Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрібір шешпеймін": Әуелбекова орамал таққанын сынға алғандарға жауап берді

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте тұрмысқа шыққалы басынан орамалын тастамай тағып жүр. Тағы да отбасылы болған өнер иесінің киіну мәнеріндегі өзгерісі көптеген жанкүйерлерін таңғалдырғаны сөзсіз. Орамалын қашан шешпек ойы бар екенін біле алмай әлек болған тыңдармандар көкейіндегі сұраққа әншінің өзі жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/moldir.auyelbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мөлдір Әуелбекова көпшіліктің қызу талқысына түскен өзіне қатысты орамал мәселесіне қысқа да нұсқа жауап берді.

Әнші желідегілерден киім үлгісіндегі өзгерісі жайында қайта-қайта жазбауын сұрап, орамалын енді бұдан былай мүлдем шешпейтінін кесіп айтты. Эстрада жұлдызы бұл пікірін Instagram парақшасы арқылы жеткізген.

"Орамалыма тиісе бермеңіздер, мақұл ма? Бәрібір шешпеймін" , - деп жазды әнші.

Соңғы уақытта желідегі парақшасын дін тақырыбындағы жазбаларға толтырып келе жатқан Мөлдір Әуелбекова тағы да орамалды фотосымен бөліскен. Алайда, бұл жолы өнер иесі көйлек емес, шалбар киіп шыққан.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова карантин уақытында сүйіктісін жолықтырып, екінші мәрте тұрмысқа шығып жатқанын хабарлаған болатын. Бұл жаңалығынан кейін өнер иесінің өмірі күрт өзгеріп шыға келді.

Ол желідегі барлық фотоларын өшіріп тастап, барынша жабық киіне бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860562-bribir-sespejmin-uelbekova-oramal-takkanyn-synga-algandarga-zauap-berdi/

pixel