Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауруханаларда орын жоқ": Әнші Айқын көпшілікті вирустан сақтануға шақырды

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген барша отандастарын коронавирус инфекциясынан қорғанып, сақтық шараларын қатаң орындауға шақырды. Өнер иесі бастапқыда COVID-19 індетіне сенбей, оған күмәнмен қарағанын жасырмады. Алайда, қауіпті вирус достары мен таныстарына жеткенде оның шын мәнінде бар екеніне көзі жеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айқын Төлепберген жұқтыру деректерінің күрт өсуіне байланысты тіпті кейбір қалалардың ауруханаларында науқастарға орын табылмай жатқанын ашып айтты.

Ол Instagram парақшасында өз таныстары арасынан да COVID-19 диагнозы расталғанын хабарлады.

"Құрметті достар, менің Нұр-Сұлтан қаласындағы досымның ата-анасы коронавирус жұқтырып алды. Үш-төрт күндей дене қызуы көтеріліп, ауыр жөтеле бастаған. Ауруханаға жатқызбақ болғанымен, аураханаларда орын жоқ. Науқастар өте көп. Әрең дегенде жатқыздық. Белгілі болғандай, олардың өкпесінің 40%-ы зақымданған. Бұл қалжың емес.
Өзімнің дәрігер достарыма хабарластым. Алматыда да сондай жағдай екен. Орындар тапшы болып жатыр. Сол себепті, бұл вирусқа немқұрайлы қарамаңыздар. Арақашықтық сақтап, антисептиктерді тастамаңыздар. Ата-аналарымыз аман болсын. Басында мен де күмәнмен қарадым. Достарым, таныстарып ауыра бастады. Ауруханаларда орын жоқ. Дистанция сақтаңыздар " , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860567-auruhanalarda-oryn-zok-nsi-ajkyn-kpsilikti-virustan-saktanuga-sakyrdy/