Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалаулымның" арқасында қосылған жұп алғаш рет ата-ана атанды (фото)

Опубликовано:

"Қалаулым" бағдарламасының арқасында қосылған жарасымды жұп Әлібек Боранбай мен Камила Саянқызы алғаш рет ата-ана атанды. Атышулы жобаның бұрынғы қатысушылары ұлды болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mila_sayanovna. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/mila_sayanovna. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қуанышты жаңалықпен алғашқылардың бірі болып, тележүргізуші Аша Матай Instagram желісінде жеткізген болатын. Ол Әлібек пен Камила қатысушы болған кезде "Қалаулымды" өзі тізгіндеп, олардың махаббат хикаясына куә болған.

"Сүйінші, халқым! Әлібек пен Камила ұлды болды. Ура! Бауы берік болсын" , - деп жазды ол.

Оған қоса, Аша Матай Камила Саянқызын өзі ұзатып, Әлібекке табыстаған болатын. Жас жұбайлар қарым-қатынасын жоба барысында бастап, кейін отбасын құруды шешкен.

Желі қолданушылары жастарды шын жүректен құттықтап, дүниеге келген батырға өздерінің ақ тілегін жаудырып жатты.

Сонымен қатар, Камила Саянқызының босанғаны туралы "Бір болайық" бағдарламасының тікелей эфирі кезінде хабарланды. Оны жүргізіп отырған Анна Данченко барша қатысушылардан сүйінші сұрап, көпшілікке қуанышты жаңалықты жеткізген.

Осы жылы "Қалаулым" қатысушылары арасында нағыз "baby-boom" орын алды. Бұған дейін Жанерке Елшін мен Еркебұлан Ахметбек ұлды болса, Камила Әділхан мен Мағжан Аймахан қыз баланың ата-анасы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860726-kalaulymny-arkasynda-kosylgan-zp-algas-ret-ata-ana-atandy-foto/

pixel