jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Үміті сөнуге таяу": Түсіпбаева 10 жылға сотталған Әлібиге қол ұшын созбақшы

    : Instagram

    Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жасөспірімдерге қатысты азғындық әрекет жасады деген күдікпен он жылға сотталған лагерь тәрбиешісіне қолдау білдірді. Өнер иесі Әліби Өтепбергенге жала жабылғанын айтып, оған көмек қолын созуға шақырды. Ол жас жігіттің жазықсыз бас бостандығынан айырылып отырғанына күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында он жылға сотталған Әліби Өтепберген туралы кезекті жазбасымен бөлісті.

    Ол сот шешімі өзгеріссіз қалғанына наразы болғанын жасырмады.

    "Қымбатты, халайық! Әліби баламызға ел болып, араша түсіп, әділдік сұрағанымызбен, сот өз шешімін өзгертпеді. Қалың қазақтың тілегі ескерілмеді, туыстары қан жылады, Әлібидің үміті сөнуге таяу қалды.

    Дегенмен, бұл қазақ не көрмеген?! Талай қиналған жанға демеу болдық, жылағанның көзін бірге сүрттік, қиналғанды қуанттық. Ендеше, тағы бір рет "көп түкірсе, көл болатын" кезіміз жетті, ағайын!

    Сіз болып, біз болып, онсыз да қатал тағдырдың тауқыметіне ұшырап, анасынан ерте айрылған, 23 жасында жасөспірімдер "еркелігінен" нақақтан жала жабылған Әліби Өтепбергенге қол ұшын созатын кез келді. Барша жанашырлар жиылып, жас жігітті қорғауға қол ұшын созайықшы" , - деп жазды ол.

    Эстрада жұлдызы жас жігітке қолдау білдіргісі келетіндерге оның атына ашылған "Әлібиге араша" қорына ақша аударуға шақырды.

    "Баршамыз жиылып, "Әлібиге араша" қорына шын жүректен ақшалай көмегімізді аударайықшы. 1000 теңге болса да, Әлібиге көмек болар еді. Жайбырақат қалмаңыздаршы. Жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын. Жұмылсақ- жұдырық, біріксек - тау қопарар күшпіз деп сенеміз. Әділдік- бар, жеңіске жететін күн жақын! Үмітің сөнбесін, Әліби" , - деді әнші.

    Өнер иесі жазба соңында Әлібидің әпкесінің есепшотын қалдырды:

    Табышова Нұрбакыт Каныбековна - ЖСН 870917400735 Каспий Gold картасы - 4400 4301 0471 9130.

    "Үміті сөнуге таяу": Түсіпбаева 10 жылға сотталған Әлібиге қол ұшын созбақшы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.