Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзінің өмірі бар": Алмас Кішкенбаев бұрынғы жары туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев бұрынғы жары туралы сұрай беретін көпшілікке шүйлікті. "SuperStarKZ" жобасының жұлдызы сәтсіз некесін есіне түсіре бермеуін өтініп, екі қызының анасымен қандай арақатынаста екенін ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/a.kishkenbaev/insta_zhyldyzdar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/a.kishkenbaev/insta_zhyldyzdar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Алмас Кішкенбаев көпшілікті оның шығармашылығынан гөрі, жеке өмірі көбірек қызықтыратынына қынжылды.

Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында оқырмандарына барынша ашылып, олардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Ол бұрынғы келіншегімен қайта қосылмайтынын кесіп айтқан.

Тікелей эфирі кезінде Кішкенбаев тіптен бұрынғы жары туралы тың мәліметтермен бөлісті.

"Шынымен жетер енді. Менің ажырасып кеткенім мен Мөлдір туралы жаза беруді қойыңыздар. Мөлдірдің өзінің өмірі бар. Біз көрісіп тұрамыз. Қыздарымды да көріп тұрамын. Алып кетіп тұрамын. Мен олаоды жақсы көремін. Олар да мені солай жақсы көреді. Сіздер оны жақсы білесіздер, көресіздер де. Сол себепті, тоқтауларыңызды сұраймын. Бұл тақырып аясында жазуды қойыңыздаршы" , - деді әнші.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алмас Кішкенбаев ажырасқанын бетіне басқан көпшілікке ренішін жеткізген болатын. Ол өткен өмірін мүлдем қозғамауын сұрап, оықрмандарына үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860997-zini-miri-bar-almas-kiskenbaev-bryngy-zary-turaly-bar-syndykty-ajtty/

pixel