Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орамал таққан Мақпал Исабекова елді қызықтырып қойды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде басына ақ орамал тағып түскен фотосын жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды. Әдетте жұрт назарына ашық образдарымен ілігетін жұлдыздың кенеттен жабық киіне бастағаны оларға қызық болған. Көпшілік эстрада жұлдызы сүйгенін жолықтырып, ақ келін атанғанын болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/makosyai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/makosyai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мақпал Исабекова ақ орамалды суретін Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иесінің келін образындағы фотосы бірден халықтың қызу талқысын тудырды.

Желі қолданушыларының басым бөлігі әншінің тұрмысқа шыққанын жазуда. Кейбірі оны тіпті, оны алып қашып кетті деп жазып жатыр.

"Орамал жарасып-ақ тұр. Ана бақытын тілеймін" , " Мінсіз келінсіз", "Алып қашып кетті ме?" , "Тұрмысқа шығып жатырсыз ба?" , "Бақытты болыңыз, орамалыңыз өзіңізге керемет жарасып тұр" , "Келін болдың ба?" , Үстіңдегі бала емізетін киім, босанып қойдыңыз ба?" , "Күтпеген жағдай" , "Намаз оқып жүрсіз бЕ?" , "Ақ келін болуыңызбен, енді ана болыңыз" , - деп жарыса жазды көпшілік.

Алайда, эстрада жұлдызының өзі тұрмысқа шыққаны жайлы ақпаратты әлі ресми түрде растаған да , теріске шығарған да жоқ. Оның үстіне, Исабекова шу тудырған суреттің астына да ешқандай мәлімет қалдырмауды жөн көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1861217-oramal-takkan-makpal-isabekova-eldi-kyzyktyryp-kojdy-foto/

pixel