Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмаханның әкесі қайтыс болды

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар Ерке Есмаханның әкесі қайтыс болды. Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, әншінің "асқар тауы" екі жақты пневмониядан ауруханада көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/Ерке Есмахан
Фото: Instagram/Ерке Есмахан: Facebook

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі zhuldyzdar.kaz тобында жарық көрді.

"Ерке Есмаханның әкесі дүниеден озды. Арты қайырлы болсын", - делінген хабарламада.

Қайғылы хабар туралы ақпаратты KAZ.NUR.KZ тілшісіне сенімді дереккөз де растады.

Олардың айтуынша, әртістің әкесі екі жақты пневмониядан көз жұмған. Марқұм ауруханаға түскен соң, бір күннен кейін қайтыс болыпты.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Әлеуметтік желіде Ерке Есмаханның қазасына қайғырып, өнердегі әріптесі әрі жерлесі Нұрболат Абдуллин көңіл айтты.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар ауруханаға сыймай жатқанын осыған дейін жазған болатынбыз.

"Соңғы 2-3 күндікте пневмониямен ауруханаға түскендердің өсуі байқалды. Қарғалы қалалық ауруханасындағы 46 керует бір күнде толды. Науқастар дәлізге түсе бастаған соң теміржол ауруханасындағы 300 керуетті пневмониямен түскендерге бөліп отырмыз. Себебі күніге 100-150 адам хабарласып, көмек сұрайды. Екі күнде теміржол ауруханасына 190 адам жатқыздық. Бәрінің да жағдайы орташа ауырлықта. Егер олардан COVID-19 анықталған жағдайда бірден инфекциялық ауруханаға ауыстырылады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1861345-erke-esmahanny-kesi-kajtys-boldy/

pixel