Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Динара Бақтыбаева жақында алғаш рет ана атанбақ (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актриса Динара Бақтыбаева көптен жасырып келген құпиясымен бөлісті. Карантин алдында тұрмысқа шығып үлгерген өнер иесі бүгінде тұңғышын күтіп жүргенін жария етті. Ол аяғы ауыр екенін растап, жолдасымен түскен ерекше фотоларын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dika_strai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dika_strai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Динара Бақтыбаева алдағы уақытта алғаш рет ана атанатынын Instagram желісінде хабарлаы. Актрисаның айтуынша, оқырмандар онсыз да соңғы кезде оның жүкті екенін болжап жүрген. Желі қолданушылары өнер иесінің аяғы ауыр екенін сезіп, оны толассыз сұрақтың астына алған болып шықты.

Алайда, көпшіліктің асқан қызығушылығына қарамастан, өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын сәл кейінірек жариялауды жөн көрген.

"Құрметтілерім, сіздер бәрін біліп, сезіп қоясыздар. Жасырып қалу да мүмкін емес секілді. Сіздердің айтқандарыңыз рас болып шықты. Жақында отбасымыз сәбимен толықпақ. Сондай ерекше сезімдемін. Өз әсеріңмен бөлісу қызық екен. Қобалжып тұрмын десем болады. Өз-өзімізге қарап, сақтанып, періштемізді күтіп жүрміз" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, Динара Бақтыбаева карантин алдында сүйіктісімен заңы түрде некелесіп, қалалар жабылмай тұрғанда үйлену тойын жасап үлгерді. Актрисаның таңдауы атыраулық жігітке түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1861667-aktrisa-dinara-baktybaeva-zakynda-algas-ret-ana-atanbak-foto/

pixel