Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біраз уақыттан бері біргеміз". Анна Данченко сүйіктісі туралы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко жеке өміріне қатысты тың мәліметтерімен бөлісті. Журналист ару сүйіктісі бар екенін мойындап, қарым-қатынасы туралы айтып өтті. Белгілі болғандай, қос ғашық біраз уақыттан бері кездесіп жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Insr=tagram/ann_2905. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Insr=tagram/ann_2905. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Анна Данченко "Бір болайық" жобасының түсірілімі уақытша тоқтап қалғанына байланысты бос уақытын оқырмандарына арнауды шешті. Тележүргізуші оларға барынша жақын болу үшін Instagram парақшасына келіп түскен қызықты сұрақтарға жауап берген.

Журналистің айтуынша, желідегілердің басым көпшілігі оның жеке өмірі жайлы білгісі келген. Сүйіктісі жайлы келіп түскен сұрақтардың көп болуына орай тележүргізуші арқа сүйер азаматы туралы айтып беруді жөн көрген.

"Бар адамды жоқ деп айта алмаймын ғой. Құпия емес, сүйіктім бар. Басым бос емес. Біз біраз уақыттан бері біргеміз. Аллаға шүкір, бізде бәрі жақсы" , - деп қысқа қайырды Анна Данченко.

Тележүргізуші өзінің желідегі парақшасында сүйіктісінің фотосын салған емес. Ол жеке өмірін көпшіліктен барынша жасырын ұстауға тырысады.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Алтынай Жорабаеваның көптен жасырған екінші жолдасының суреті желіде тарап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1861929-biraz-uakyttan-beri-birgemiz-anna-dancenko-sjiktisi-turaly-zan-syryn-aktardy/

pixel