Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді болған шығар": Дәурен мен Ақботаның ажырасып кеткені рас па

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі саналатын Дәурен мен Ақбота Айдарқұловтардың өмірі бүгінде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары қос жұлдызды ажырасып кетті деп болжауда. Олар өнер иелерінің бірге түскен суреттерін алып тастап, Instagram-да бір-бірін өшіріп тастағанын байқап қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жұлдызды жұптың жанкүйерлері әртістердің арақатынасында түсініксіз жайттардың орын алып жатқанын бірден сезіп қойған.

Алдымен, олар Ақбота Айдарқұлованың парақшасындағы соңғы жазбалары мұңға толы болып кеткенін байқады.

Артынан қос жұлдыздың Instagram желісінде бір-біріне жазылмағанын және ортақ фотоларын өшіріп тастағанын аңғарған.

Ақбота Айдарқұлова өзінен Дәурен екеуінің қарым-қатынасы жайлы сұраған оқырманына да екі ойлы жауап берген.

"Менің өмірімнің кіріспесін жақсылап тамашалап көрдіңіздер. Енді болған шығар иә? Енді жеке өзімнің әлемімнің ішіне араласпауыңызды өтінемін" , - деді әнші ару.

Дәурен Айдарқұлов болса, бұл тұрғыда әлі де үнсіздік сақтауда. Әзірге қос әртіс тарапынан олардың ажырасқаны жайлы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, бұл Дәурен Айдарқұловтың екінші некесі болып табылады. Ақбота Айдарқұлова екеуі бүгінде бір қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862090-endi-bolgan-sygar-duren-men-akbotany-azyrasyp-ketkeni-ras-pa/

pixel