RU

Бизнес ашқан Бейбіт Кушкалиев пен Әсет Қарабалин әншіліктен кетті ме (фото)

Қазақстандық танымал әнші Бейбіт Кушкалиев пен "Заман" тобының солисі Әсет Қарабалин өнерден алыстамақ па? Әлемді жайлаған пандемия мен елімізде ұзаққа созылған карантин кезеңі қос әншіге әсер етсе керек, олар жуырда кофе сату бизнесіне бет бұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ррррр
Фото: instagram; коллаж: KAZ.NUR.KZ: Original

Қазақстанның батыс өңірінен шыққан әншілердің жаңа кәсібі туралы желіде белгілі болды.

Кушкалиев пен Қарабалиннің әріптестері олардың бастамасына сәттілік тілеп, өздерінің құттықтауын жаудырды.

Отандық әншілер көпшілік кофе ішетін жерді Алматыда өздері тұратын Думан-2 ықшамауданынан ашқан көрінеді.

Ең қызығы, "Вeas kofe" деп аталатын кофехана шегірткенің суретімен белгіленген екен.

Желі қолданушылары бұны отандық коуч Ахметбек Нұрсиланың әншілерді "шегірткеге" теңегенімен байланыстырды.

Бейбіт пен Әсет шегірткенің бейнесін өздеріне "патенттеп", жоғарыдағы мәлімдемесімен қызу пікірталас тудырған Нұрсилаға жауап танытқан сыңайлы.

Сондай-ақ, олар кофехана ашылуында келушілерге өздері дайындаған кофені тегін таратып, өз өнерлерімен тұрғындардың көңілін көтерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862430-biznes-askan-bejbit-kuskaliev-pen-set-karabalin-nsilikten-ketti-me-foto/