Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен үшін дұға тілеңіздерші": Әсел Садуақасова ауырып қалғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Қазақстандық актриса, көптеген отандық фильмдердің продюсері Әсел Сәдуақасова оқырмандарына ауырып қалғанын мәлімдеді. Ол ел тұрғындарын сақтануға, карантин талаптарын орындауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Әсел Садуақасованың әлеуметтік желідегі парақшасы
Фото: Әсел Садуақасованың әлеуметтік желідегі парақшасы: Instagram

Бұл туралы өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мен ауырып қалдым. Соңғы сәтке дейін саумын деп ойлап едім, бірақ араласатын адамдардың көбі ауырып жатқанда сау қалу қиын екен. Сақтаныңыздар! Кім ниеттес болса, мен үшін дұға тілеңіздерші?! Алда жағдай қалай боп жатқанын жазып отырамын. Бұл үйде отырып, өзін қорғауға шақырған жазба. Мен секілді оңды-солды шыға бермеңіздер", - деді Әсел Садуақасова.

Бұны көрген желі оқырмандары мен танымал тұлғалар актрисаның тезірек жазылып кетуін тілеген.

Соңғы дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясы жиырма мыңнан астам адамнан анықталды.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862460-men-sin-dga-tileizdersi-sel-saduakasova-auyryp-kalganyn-mlimdedi/

pixel