Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздары қарамайды": Жанболат пен Жазираның ұлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдыздары Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың ұлы үйіне келін түсіруге асық көрінеді. Жұлдызды ата-анасын қуантқысы келіп жүрген Қазбек Қожахметов болашақ жарын тіпті жақын ортадан іздеуге кіріскен. Алайда, сері жігіт махаббат алаңында жолы болмай жүргенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ikazeke. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ikazeke. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қазбек Қожахметов ата-анасының әріптестерімен құда болу өзіне бұйырмай жүргенін ашып айтты. Оның сөзінше, жұлдызды жанұяда өскен қыздар Жанболат пен Жазираның ұлына қарамай қойғанға ұқсайды.

Жеке өміріндегі болып жайттарды жас жігіт өзінің Instagram парақшасында ақтарды.

"Ата-анамның әріптестерімен құда болу маған бұйырмайтын сияқты. Танысымыз ғой, тіпті жақсы дейін десем, қыздарынан "жесткий отказдар" алып жүрмін. Тіпті танысып үлгермей. Оған қоса, ата-анамнан “сені менсінбей жатыр, сұлулығыңа күмәнданып отыр” дегенді естігенде күліп жібердім. Бірақ, шыны керек жылағым келіп кетті. Түрім қорқынышыты емес секілді. Қарамын" , - деп жазды Қазбек Қожахметов.

Айта кетейік, ,белгілі режиссер Ақан Сатаев күні кеше үлкен қызы Марйамды қолдан ұзатқан болатын. Бойжеткеннің таңдауы каскадер жігітке түскен. Олар жақындарының арасында мешітте некелерін қиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862718-kyzdary-karamajdy-zanbolat-pen-zazirany-ly-zan-syryn-aktardy/

pixel