RU

Әнші Өмірқұл Айниязов педагогика ғылымдарының магистрі атанды (фото)

Отандық эстраданың жұлдызы Өмірқұл Айниязов педагогика ғылымдарының магистрі атанды. Екі жылдық оқуын тәмамдап, дипломын қолына алған әнші бұл жаңалығымен барша жанкүйерлерімен бөлісуді жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өмірқұл Айниязов екі жыл бойы магистратурада білім алып, бүгінде оның жемісін көруде. Эстрада әншісі аңсаған дипломын 42 жасында алды.

Белгілі болғандай, өнер иесі Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетін" тәмамдаған.

"Диплом. Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесіменен құттықтап қойсаңыздар болады! Осы 2 жылда ат салысқан ұстаздарыма мың алғыс. Кешелі бері тыңдармандардан келген толассыз тілектеріңізге Алла разы болсынү Шын жүректен сіздерді жақсы көрем. Магистр Айниязов" , - деп жазған шоу-бизнес өкілі Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары әншіні магистр атануымен құттықтап, оны сұрақтың астына алған. Олар өнер иесінің енді әншіліктен кетіп, ұстаздыққа бет бұрғалы жатыр деп болжауда.

"Құтты болсын, жемісін көріңіз" , "Ешқашан кеш емес. Білімді кез келген кезде ала беруге болады. Нағыз үлгі болдыңыз" , "Карантин әсер еткен болар. Той деп жүре бермей, басқа амалын да қарастырғаныңыз дұрыс болған" , "Енді әншіліктен кетесіз ба? Сабақ беретін боласыз ба?" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862801-nsi-mirkl-ajniazov-pedagogika-gylymdaryny-magistri-atandy-foto/