RU

"Таяқ жеп қалды": Өзін-өзі басынан ұрған Мереке Қалбаева күйеуіне алданды

Отандық танымал әзілкештер Мереке Қалбаева мен оның жолдасы Арсен Әкиев кезекті видеосымен желіні жарды. Онда отағасы келіншегін алдап, оны өзін-өзі басынан аяусыз соғуға мәжбүрлеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Getty Images

Мереке Қалбаева жолдасы көрсеткен тапсырманы орындаймын деп күлкіге қалды. Ол отағасы секілді маңдайына жабыстырылған қағазды басын соғып түсіру керек болған.

Алайда, Арсен өз қулығын іске асырып, келіншегінің маңдайына ештене жабыстырмай қояды. Нәтижесінде әзілкеш ару өзін-өзі басынан аяусыз соғып, қағазды түсіре алмай әлек болады.

Бірақ, кейін ол күйеуінің іске асырған қулығын түсініп қойып, соққыны соған жаудыра бастайды.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың видеосын қызу талқылауда. Көпшілік Арсеннің әзілі жақсы болғанын жазған.

"Әзілің жарасса әйеліңмен ойна" , "Күлкіден өлдім" , "Таяқ жеп қалды", "Қатырасыңдар, шығармайтындарың жоқ" , "Өшін алды ғой" , "Тек күліп жүрейікші", "Тәнтімін сіздерге" , "Сондай әзілі жарасқан көз қызығар жұпсыздар" , "Арсен күшті алдадың. Шынымен қағаз жабысып тұр екен деп қалды" , "Қулығыңыз күшті өтті. Басын ауырпады ма екен? Аяусыз ұрды ғой өзін" , "Жұптарыңыз ажырамсын, тек қана бақытты болыңыздар" , - деп жазды олар Instagram желісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1863261-taak-zep-kaldy-zin-zi-basynan-rgan-mereke-kalbaeva-kjeuine-aldandy/