Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елгезек жан еді": Өнер жұлдыздары Берік Ысмайылов туралы естеліктерімен бөлісуде

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері күні кеше қайтыс болған белгілі дизайнер Берік Ысмайыловтың отбасына жаппай қайғыра көңіл айтып жатыр. Сәнгердің образдарын ел алдына киіп шыққан өнер жұлдыздары марқұм туралы естеліктерімен бөлісіп, оның қандай адам болғанын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dinarasatzhan.
Фото: Instagram/dinarasatzhan.: Instagram

Еліміздің бірқатар әртістері карантин салдарынан ешқайда шыға алмай қалғандықтан, марқұмның жанұясына Instagram желісінде көңіл айтқан. Берік Ысмайыловтың жаназасына бара алмай күйінген жұлдыздар ол туралы өз естеліктерімен бөліскен.

"Коронавирус елімізге қауіп төндірген алғашқы күннен-ақ тегін маска тігіп, таратып, бүкіл шәкірттерін сол жұмысқа жұмылдырған патриот, тамаша дизайнер, елгезек жан Берік Исмаилов ағамызды да сұм ажал, беті жаман індет арамыздан алып кетті. Екі жылдай бұрын жүрегіне ота жасатып, ауыр кеселді жеңіп, қатарға қосылып, әдетінше еңбекқор адамның тынымсыз тіршілігіне кірісіп кеткен еді.
Қаншама өнерпазға костюм тігіп, қаншама адамды тігіншілік өнерге баулып,шәкірт тәрбиелеген ұстаз едіңіз! Нарықтың тілін меңгерген нағыз іскер азамат! Алматының Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысын Беріктің шеберханасынсыз елестету, әсте,мүмкін емес еді! Сол көшелердің жарқыраған шамы өшкендей бүгін. Бақұл болыңыз, жақсы адам" , - деп жазды Дана Нұржігіт.
"Танымал қазақстандық дизайнер өмірден өтті. Отбасына қайғырып көңіл айтамын. Мына індет ешкімді аяп жатқан жоқ. Өздеріңіз бен жақындарыңызды күтіңіздер" , - деп жазды Динара Сәтжан.
"Күнде қайғылы жаңалықтар келіп түссуде. Түнде желіні қарағанымда отшашу туралы оқимын деп ойлағам едім. Бірақ, белгілі дизайнер Берік Ысмайыловтың қазасы жайлы жаңалыққа тап болдым. Ол кісі өте талантты әрі шығармашылықтың адамы еді. Ол барша "Халық әртістері" мен өнер жұлдыздарына көйлек тікті. Кейбір өнер иелерінде ақша болмай қалғанда, Берік оларға көмектесетін. Ол тіпті дастарханнан киім жасап шығара алатын. Ол біртуар адам еді. Әлі де өмір сүруі керек еді. Әлі де киім тігуі керек еді" , - деп өкінішін білдірді Айгүл Мүкей.
"Қош бол жақсы адам. Иманыңыз жолдас болсын. Өткінші өмір-ай. Белгілі Дизайнер Берік Исмаилов өмірден өтті" , - деп жазды Иманбаева.
"Белгілі дизайнер Берік Исмаилов ағамыз дүниеден озды. Жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Өте тамаша жан еді, шіркін! Бақұл болыңыз , ағатай" , - деп жазды Мадина Сәдуақасова.
"Бүгінгі таңымыз біз үшін, Бекеңнің туғандары, достары,отбасына қайғылы боп тұр. Өмірден Берік Исмаилов озды деген суық хабар жүректі тағы бір тіліп өтті. Ардақты Берік аға хош болыңыз, иманыңыз саламат болып, артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға қайғырып көңіл айтамын, топырағыңыз торқа болсын" , - деген жазба қалдырды Мақпал Жүнісова.
"Хош бол Берік аға. Жадыраған күлкіңізбен мәңгі есімізде қалдыңыз. Жақындарына қайғыра көңіл айтамын" , -деп жазды Индира Расылхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1863896-elgezek-zan-edi-ner-zldyzdary-berik-ysmajylov-turaly-estelikterimen-blisude/

pixel