Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Халыққа не көмек бердің?”: Қайрат Нұртастың әйелі өзін сынағандарды орнына қойды

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова өзін мұқтаж жандарға көмектеспей жатқаны үшін сынға алған оқырмандарына жауап берді. Ол ақиқатын білмей жатып, мұндай кінә тағу мүлдем орынсыз екенін айтты. Шын мәнінде жұлдызды әулет бүгінде ақша жинап жатқан екі қорға да көмек көрсеткен болып шықты. Бірақ, олар бұл игі ісін көпке жарияламаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial.
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial.: Instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова өзін аяусыз сынап тастаған көпшілікке шүйлігіп, оларға әлеуметтік желі арқылы жауап беруге бекінген. Қайрат Нұртастың келіншегі азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"Біз негізі қызық халықпыз. 2 күн осы туралы ойланып жүрдім. Өзіміз “Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін” деп мақалдаймыз. Және өзіміз “Халлыққа қандай көмек бердің?” деп түртпектейміз. Бұл жазбаны директке келген толассыз оқырман хатынан кейін жазып отырмын. Ел басына күн туғанда етігімен су кешіп, толарсақтан саз кешкен ерлер мен ер мінезді қыздар қай кезде де табылған, Аллаға шүкір.
Үкіметтен қайыр жоқ деп қол қусырып отырмай, қаншама адам іске кірісті. Осындай 2 қорға өз атымнан да, отбасымның атынан да көмегімізді көрсеттік. Бірақ мұның бәрін дәл осылай жазу керек екен деп ойламадым. Жазсам да, сын мен мін тағушылар табылады. Ет-жақыннан айырылған қиын кезде бір-бірімізді ғайбаттап, етімізді тірілей жегендей болмай, етек-жеңімізді жинап, ел болуды ойлайық дегім келеді. Алла қазақ елін мына індеттен азат еткей" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864822-hallykka-ne-kmek-berdi-kajrat-nrtasty-jeli-zin-synagandardy-ornyna-kojdy/

pixel