Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың анасы жазғы демалысын Алакөлде өткізуде (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы биыл жазғы демалысын Алакөлде өткізуді жөн көрген. Гүлзира Айдарбекова елде коронавирус салдарынан орын алған жағдайды ескере отырып, шетел аспаған. Белгілі продюсер оның орнына емдік қасиеті бар суға шомылып қайтуды шешті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova.
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova.: Instagram

Гүлзира Айдарбекова Алакөлдегі демалысы қалай өтіп жатқанымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол көл жағасында және өзі тоқтаған қонақ үй маңынан фотоларды жариялаған.

Хитменнің анасы осы жылы карантин кесірінен оған да тыйым салынады деп қорыққан. Алайда, продюсердің қуанышына орай, аталмыш көлге баруға рұқсат етілді.

"5 ай бойы бәрімізге оңай болған жоқ, әлі де керемет болып кеткен түк жоқ. Бойымызға да біраз негатив пен стрессты жинап алдық. 3-4 күнге болса да, анда-санда келіп тұратын Алакөліме биыл бара алмаймын ау деп едім, Аллаға шүкір карантинде ашық болып, емдік қасиеті бар көліне суға түсу бұйырыпты. Қаншама жақсыларымыз бен жақындарымызды құлазытқан жүрегіміздегі жараны емдей қоймас, бірақ тірі адам тіршілігін жасайды ғой. Өздеріңізді де бір мезгіл ойлап қойыңыздар,бір адамның қайғысы, бір шаңырақты құлазытып жібереді. Аман болыңыздар, бар болыңыздар" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865960-kajrat-nrtasty-anasy-zazgy-demalysyn-alaklde-tkizude-foto-video/

pixel