Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Опасыздарға айыппұл салу керек": Айқын көшеге қоқыс төгіп кеткендерге шүйлікті

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген қоқысын көшеге төгіп кеткен азаматтардың видеосына қатысты пікір білдірді. Желіде шу тудырған бейнежазба өнер иесінің де ашуын келтірген. Ол табиғат аясын қасақана ластайтындарға тиісті айыппұл салу керектігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Instagram

Айқын Төлепберген жұрт наразылығын тудырған бейнежазбамен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Видеода жұмыс киіміндегі ер адамдардың көшеге қоқыс тастап жатқанын көруге болады.

Олар аккумулятор жасайтын мекемеде қызмет ететін көрінеді. Ер азаматтар қоқыс тиеп келген көліктің сыртында компания атауы да жазылған.

Белгілі болғандай, келеңсіз оқиға Қарағанды қаласында орын алды. Даланы ластап жатқан жігіттерді байқап қалған куәгер бірден олардың қасына қарай барған. Видеоға түсіріп келе жатқан ер адамды байқаған азаматтар оған қарсылық танытып, бейнетүсірілімін тоқтатуын талап еткен.

Олар табиғат аясын ластамауын сұраған куәгерге "жеке меншігің емес қой" деп жауап қайтарған.

Бұл жағдай әнші Айқынды да бей-жай қалдырмаған. Өнер иесі бұл оқтғаға қатысты не ойлайтынын жасырмай айтқан.

"Осындайларды көріп, жүрегің ауырады. Штраф салу керек мұндай опасыздарға. Өз мусорын келіп, көшеге лақтырып кетті. Штраф салу керек фирмаға. Жұмыс уақыты екені айдан анық. Үстінде формалары бар" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1866328-opasyzdarga-ajyppl-salu-kerek-ajkyn-ksege-kokys-tgip-ketkenderge-sjlikti/

pixel