RU

"Әлі шағымданамыз": Сот Кенталға 4 жыл бұрынғы видеосы үшін айыппұл салды

Қалың көпшілікке Кентал лақап атымен танылған әнші Талғат Кенжеболатовқа полиция формасын заңсыз кигені үшін айыппұл салынды. Мұндай шешімді Алматы қаласының әкімшілік соты шығарды. Өнер иесінің қорғаушылары бұл шешіммен мүлдем келіспейтіндерін айтып, әлі шағым түсіретінін айтып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Instagram

Кентал төрт жыл бұрынғы түсірілім кезіндегі әзіл видеосына қатысты сот отырысы қалай өткені туралы Instagram парақшасында айтып берді. Әнші өзі үшін алаңдаған жанкүйерлері үшін арнайы видео түсіріп, жағдайды баяндады.

Өнер иесін ӘҚБК-нің 675 бабы бойынша (айырым белгiлерi және нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру ) кінәлі деп тапты. Талғат Кенжеболатовқа бес АЕК- 14 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Шоу-бизнес жұлдызы өзіне қатысты аз мөлшерде әкімшілік тәркілеу белгіленгенімен, сот шешімімен түбегейлі қарсы екенін айтты.

"Бәрінен де маған бейкүнә инспектор қатты ұнады. Ол арасында маған күліп отырды. Мұндай хайптың керегі не? Кімге керек мұндай хайп? Біз бар болғаны әділдік үшін күресудеміз. Біз жекпе-жекте жеңілдік, бірақ соғыста емес" , - деді ол.

Әртістің қорғаушылары да салынған айыппұлға қатысты пікір білдірді. Олар сот шешіміне аса қатты таңғалғанын айтып, алдағы уақытта оған шағым түсірмек ниетте екендерін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған ейін Кентал өзіне полиция қызметкерлері қысым көрсеткенін жайып салған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1866352-li-sagymdanamyz-sot-kentalga-4-zyl-bryngy-videosy-sin-ajyppl-saldy/