RU

"Еркек сияқты": Дильназ Ахмадиева ұзын шашын қиып тастады (видео)

Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева ұзын шашын қиып тастап, барша жанкүйерлерін қатты таңғалдырды. Жас ананың жаңа образы желіде қызу талқыға түскен. Өнер иесінің бұл өзгерісін біреулер қолдаса, енді бірі керісінше сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Twitter

Дильназ Ахмадиева өзінің Instagram парақшасында арнайы видео жариялап, көпшілікке қысқарып қалған шашын көрсетті. Эстрада жұлдызы бұл өзгерісіне ұлы Зейданның септігі бар екенін айтты. Белгілі болғандай, жас ана тұңғышы шашын жұла бергендіктен, оны мүлдем қысқа етіп қиып тастауға шешім қабылдаған.

"Бәріне сәлем, мені мұндай шаш үлгісімен көрем деп ойламаған шығарсыздар. Тек жас аналар ғана күткен болу керек. Шашымды қиып тастағанымен бөлісейін дедім. Мен шашымды тым қысқа етіп қиып тастадым. Бірақ, енді Зейдан онсыщ қалмаған шашымды жұлуға еш мүкіндігі қалмады" , - деді Ахмадиева.

Алайда, әншінің жаңа образы барлығына бірдей ұнай қойған жоқ. Бірі оған бәрі жарасатынын айтса, енді бірі өнер иесі ер адамға ұқсап қалғанын жазуда.

"Сымбатты жігіт болып қалыпсың" , "Еркек сияқты, әйелдерге бұлай жараспайды. Ерсі екен" , "Мүлдем жараспайды" , "Шаш өсер, бас аман болсын. Жақсы жарасып тұр" , "Өзіне ұнаса болды ғой" , "Әйел адам үшін шаш қию - күнә" , - деп жазуда көпшілік.

Дильназ Ахмадиеваның Stories бөлімінде бөліскен видеосы qaz.stars парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1867058-erkek-siakty-dilnaz-ahmadieva-zyn-sasyn-kiyp-tastady-video/