RU

Табиғат аясында суретке түскен Димаш Құдайберген қыздарды естен тандырды

Ғажайып даусымен күллі әлемге танылған Димаш Құдайберген жаңа суреттерін жариялап, жанкүйерлерін бір қуантып қойды. Желі қолданушылары өнер иесінің карантинде уақытты босқа кетірмей, өлең жазғаннан бөлек денесін шынықтырғанын байқап қалған. Әншінің мінсіз мүсіні қыздар қауымын естен тандырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash.
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash.: Instagram

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында табиғат аясында өткізген демалысы кезіндегі суреттерімен бөлісіп, көпшілікті тәнті етті. Фотода әнші үлкен квадроциклдің үстінде отырғанын көруге болады.

Ғажайып дауыстың иесі жанкүйерлеріне жақында бірқатар жаңалықтарды жария ететінін айтқан.

Оның өмірін желіде жіті бақылайтын табынушылары жұлдыздың карантин уақытында жаңа әндер ғана жазып қана қоймай, денесін шынықтырумен де айналысқанын байқап қалған.

"Не деген әдемі едің. Талантың жан дүниеңе сай", "Карантинде уақытты босқа өткізбеген сияқты ғой. Білек күші көбейген секілді" , "Димаш нағыз еркекке айналып бара жатыр" , "Қандай әдемісің. Табиғат аясында демалғанға не жетсің" , "Нәтиже жаман емес, үлкейіп кетіпті денең" , "Карантин бойы спортпен айналысқан ғой деймін" , "Денесін шынықтырғаны көрініп тұр" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1867446-tabigat-aasynda-suretke-tsken-dimas-kdajbergen-kyzdardy-esten-tandyrdy/